Көкшетауда мас ер адам өз анасына қол жұмсап, мерт қылды

Полицияға күдіктінің өзі хабарласып, жағдайды жазатайым оқиға секілді көрсетуге тырысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 қазанда полицияға егде жастағы әжейдің қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушы марқұмның ұлы ретінде өзін таныстырып, болған жайтты былайша баяндады: 92 жастағы зейнеткер құлап, алған ауыр жарақатынан көз жұмды.

Аталған мекен-жайға жедел-тергеу тобы аттанды. Криминалист оқиға болған жерді тексерді, ал тергеушілер мен жедел уәкілдер қайғылы оқиғаның жалғыз куәгері – зейнеткердің 62 жастағы ұлын сөзге тартты.

Алдын ала тергеу барысында полиция жарақаттар құлаудан емес, басына тиген соққылардан болғанын анықтады. Полиция қылмысқа зейнеткердің ұлының қатысы бар екенін анықтады, ол анасының басынан кірпішпен ұрған. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ер адам сол күні ащы судан ұрттап, сол үшін анасы ұрыс шығарғанын айтты. Жанжал кезінде ол анасының басынан кірпішпен бірнеше рет ұрған, ал есін жиғанда өзі полицияға қоңырау шалып, дәрігерлерді де шақырған, бірақ барлығын жазатайым оқиға ретінде көрсетуге тырысқан.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі - "Кісі өлтіру" бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті қамауға алынды.

9 тамызда Ақтөбенің Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты өз анасын өлтірген 16 жасар қызды 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның сыбайласы - 18 жастағы жігіт 15 жылға сотталды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: