"Астана-Алматы" рейсінде мас жолаушы сөмкесінде бомба барын айтып, жұртты дүрліктірген

"Астана-Алматы" рейсінде мас жолаушы қолындағы дорбада бомба бар екенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
8 қазанда сағат 02:35-те "Астана-Алматы" рейсінің бортсерігінен жолаушылардың бірі қолындағы дорбасында бомба бар екенін айтқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Полицейлер Алматы облысының мас күйдегі 33 жастағы тұрғыны барлық жолаушының көзінше бортсерікке жылтыр дорбасын созып, онда бомба бар екенін айтқанын анықтады. Кейін оны әзілдегенмін деп түсіндірген.

Дабыл бойынша барлық шұғыл қызметтер аяғынан тік тұрғызылды, адамдар, оның ішінде осы ұшақтың 166 жолаушысы эвакуацияланды, әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды. Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Барлық жолаушылар мен экипаж өз рейсіне қайта оралу үшін шамамен 3 сағат күтуге мәжбүр болды.

Сіз әдетте киім, аяқ киім, аксессуарларды қайдан сатып аласыз?

Ұшақты тексеру кезінде бомба табылған жоқ.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам мемлекеттің, сондай-ақ азаматтар мен жеке ұйымдардың шығындарын міндетті түрде өтей отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: