Павлодарда полицей ер адамды суицидтен аман алып қалды

Сурет: polisia.kz
15 қазанда Павлодарда ер адам электр мұнарасына шығып, өзіне қол жұмсамақ болды. Полицей оның мұндай қадамға баруына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына патрульдік полицияның батальоны келді. Олжас Тілеубергенов 10 қабатты ғимараттың көлеміндей мұнараға көтерілді. Ол өзіне қол жұмсамақ болған адаммен сөйлесе бастады.

Оған үйде оны күткені сияқты мені де күтіп отырған отбасы бар екенін айттым. Ер адам көзіне жас алды. Сосын болған жайтты, оның небәрі 3 жаста қызы бар екенін айта бастады. Онымен сөйлескен соң бірге төменге түстік. Менің міндетім оны құтқару, оның қате қадамға баруына жол бермеу және кішкентай қызды әкесіз қалдырмау болды.Павлодар патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Олжас Тілеубергенов

1984 жылы туған павлодарлық есірткіге мас болып, әйелін қызғанып, өз өмірін қиюға бел буған. Ер адам психиатриялық бригадаға тапсырылып, ауруханаға жеткізілді.

14 қазанда Алматыдағы лицейлердің бірінде оқушы қыз өзіне қол жұмсамақ болды.

30 қыркүйекте өзін автобус астына тастамақ болған ер адамды Атырау полицейлері құтқарып қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты