Алматыда автобустағы әрекеті видеоға түсіп қалған қалта ұрысы ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматы полицейлері қоғамдық көлікте әйелдің сөмкесінен ұялы телефонын білдіртпей ұрлаған ер адамның видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

40 жастағы К.есімді азамат №15 автобуста әйелді сөзге айналдырып, оның сөмкесінен ұялы телефонын білдіртпей ұрлаған. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Тергеудің қазіргі кезеңінде бұл күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

21 қазанда жұмада қалада орын алған бұл бірінші жағдай емес. 30 жастағы А. есімді азамат №86 қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін ұсталды. Қаскөйдің олжасы Samsung телефоны болды. Күдікті қоғамдық көліктің жолаушысына 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Ұрының қарбалас уақытта автобустарға мініп, жолаушылардың қалтасын тексеріп, қоғамдық көліктің бір басынан екінші жағына дейін жүргенін арнайы топ қызметкерлері жедел түрде анықтады. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты