СҚО-да жүргізушілерге көлік доңғалақтарын ауыстыру қажеттігі ескертілді

Сурет: pixabay
Жол полициясы басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының көлік жүргізушілеріне астындағы темір тұлпардың доңғалақтарын ауыстыратын уақыт келіп жеткенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауын-шашын мен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты СҚО жергілікті полиция қызметінің басқармасы облыс тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және доңғалақтарын қысқысына ауыстыруға кеңес береді, деп хабарлайды Петропавлск.news.kz.

Доңғалақтарды уақтылы ауыстыру жүргізушілерге қолайсыз ауа-райына байланысты туындаған жол жағдайларында сенімділік береді. Маусымаралық кезеңде қарапайым, бірақ мынандай тиімді кеңестерді есте ұстаған жөн: жылдамдықты төмендету және көліктер арасындағы қашықтықты сақтау, деп еске салады патрульдік полиция қызметкерлері.
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Қазақстандағы сайттардың үштен бірі соңғы 2 жылда пайда болған — Қазнет күніне орай Yandex Qazaqstan зерттеуі