Алматыда жаңа тұрғын үй кешендерін жағалаған көлік ұрылары ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ең бірінші кезекте олар көліктің дабыл құрылғысы бар-жоғын анықтап көрген. Алматы облысының екі тұрғыны осылайша төрт көлік ұрлап үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар негізінен ВАЗ көліктерін ұрлаған. Қылмысты жаңа тұрғын үйдің бірінің жанында жасаған: олар дабыл құрылғысының бар-жоғын тексеріп, одан соң құлпын бұзып ашып, содан кейін көліктерді фазендаға айдап апарған.

3 көлік айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына қосылды. Күдіктілер тағы бір көлікті сатып үлгерген. Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев

Ұсталғандардың екеуі де бұрын тонау және қарақшылық жасағаны үшін сотты болған.

Олар аталған эпизодтар бойынша жасаған қылмыстарын мойындады.

Қазақстанда жыл басынан бері 909 көлік ұрланған, оның 775-і немесе 85,3% табылып, заңды иелеріне қайтарылды. 19 қылмыстық топ ұсталды, олардың халықаралық байланыста бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді