Астана тұрғыны 100 рет қоңырау шалып, полицияны өтірік шақырта берген

Сурет: pexels
Астанада үнемі қоңырау шалып, полицейлерді себепсіз шақырта беретін ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорданың 40 жастағы тұрғыны жыл басынан бері полицияға 99 рет қоңырау шалған. Барлық қоңырау шалулар бойынша дереу қызмет көрсетілді, алайда қоңыраулардың бір-екеуі ғана полицияның араласуы қажет оқиғаларға қатысты болған. Қоңыраулардың көп бөлігі жалған болып шықты, бірақ әрбір шалынған қоңырау бойынша полицияның кешенді күштері, кейбір жағдайларда жедел-тергеу топтары қызмет көрсетуге шыққан. 

Мәселен, жоғарыда аталған азаматтан полицияның 102 арнасына сағат 04.24-те Абай даңғылындағы супермаркеттің жанында белгісіз ер адам пышақпен жүріп, адамдарға қауіп төндіріп жүргені туралы бірнеше қоңырау келіп түсті. Қоңырау шалушы тез әрекет етуді сұраған. Оқиға орнына дереу полиция жасағы шыққан. Алайда тексеру барысында факті расталмады. Полиция қызметкерлері қоңырау шалушының жеке басын анықтады, - дейді полициядағылар.

Ол мойындау көрсетпелерін берді және қоңырауларды мас күйінде шалғанын айтты.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 438-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар оған қатысты қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.  ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Астана қаласының полиция департаменті залалды өндіріп алу үшін азаматтық сотқа материал дайындауда.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек