Астанада күндіз екі жігіт көшедегі ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен

Сурет: видеодан алынды
Астанада екі жігіт көшедегі ер адамды ұрып-соғып, 1 400 долларын тартып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, 102 жедел байланыс желісіне өзін Қордай көшесінде екі белгісіз жігіт ұрып-соғып, тонап кеткені туралы 26 жастағы азаматтан хабарлама келіп түсті.

Шабуыл жасалған сәт сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада екі жігіттің ер адамға жақындап келіп, соққы бере бастағанын көруге болады. Қаскөйлер оның қолынан сөмкені жұлып алып, қаша жөнелген. Жәбірленуші оларды қуғанымен, одан нәтиже болмаған.

Қаскүнемдердің олжасы 1400 АҚШ доллары болды.

“Алматы” аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 19 және 17 жастағы күдіктілердің екеуін де ұстады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, тонаушылық жасаған 19 жастағы күдіктілердің біреуі ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.  Олардың шетел валютасын теңгеге айырбастап, кейін біразын өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгергені анықталды. Қалған қаражат тәркіленді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты