Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылса да рөлге отырған мас ер адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Жүргізуші куәлігінен айырылса да рөлге отырған мас ер адамды полиция қызметкерлері қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда полицейлері BMW жүргізушісін 11 қарашада Текей батыр көшесінде тоқтатты. Құқық қорғау органы өкілдеріне мас жүргізуші туралы дерек ақпарат жедел басқару орталығынан келіп түсті.

Тексеру барысында автокөлік тізгініндегі облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны мас күйінде болғаны анықталды. Сонымен қатар, 2022 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен оның 7 жылға жүргізуші куәлігінен де айырылғаны белгілі болды. Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні наркологиялық диспансерге жеткізді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол орташа ауырлықтағы мас күйінде болған.

Аталған фактәге сәйкес, ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Көлік айыппұл тұрағында қойылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін