Астанадағы көшелердің бірінде жылдамдық режимі өзгертілді

Сурет: pexels
Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін және кері бағытта жылдамдық режимі өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын осы учаскеде тиісті өткізу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында осы учаскеде тұрғын және әкімшілік құрылыстардың болмауын ескере отырып, ең жоғары жылдамдық 80 км/сағ дейін ұлғайтылған еді.

Қазіргі уақытта бірқатар тұрғын үй кешендері мен сервис объектілерін салуды және пайдалануға беруді ескере отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылдамдық 60 км/сағ дейін төмендеді (бұрын орнатылған 80 км/сағ жол белгілері бөлшектелген).

Сонымен қатар, жылдамдық режимі "Бағыстан" тұрғын алабынан Оңтүстік айналма жолға дейінгі Анырақай көшесінің учаскесінде өзгертіліп, ең жоғары жылдамдық сағатына 80 км-ге дейін ұлғайтылды.

Көрсетілген өзгерістерді назарға алып, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, қозғалысты жүзеге асыруды сұраймыз. Барлық аталған учаскелерде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды, оның ішінде жылдамдық режимін тіркейтін "Сергек" камералары жұмыс істейтінін еске саламыз. Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Жол қозғалысы мен қауіпсіздікке қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына 69-75-75, 71-69-77, Whatsapp 8-705-295-86-20 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды