Өскемендегі сот ғимаратына "бомба қойылғаны" туралы хабар түсті

Сурет: Zakon.kz
Өскемен полициясына қаладағы сот ғимаратының бірінде бомба бар екені туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері қазір ғимаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін сағат 18:05-те Өскемен қаласындағы №1 қалалық соттың ғимараты миналанған деген хабарлама түсті. Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері объектілерді қарап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 6 желтоқсанда Екібастұз полициясына қаладағы әкімдік ғимаратына бомба қойылғаны хабарлама түскен, бірақ ешқандай жарылғыш зат табылмады. Полиция жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады.

Ал 30 қарашада Алматы облысы Талғар ауданы полиция басқармасына колледждердің бірінде терроризм актісі болатыны жайында ақпарат түскен. Мұны жасөспірім таратқан. Алайда ақпарат расталмады. Енді терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны үшін 14,5 млн теңге айыппұл салынуы не түзеу жұмыстары түріндегі жаза берілуі мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді