Жаңалықтар тізбегі
0

Талғарда терроризм туралы жалған хабарлама таратқан жасөспірімнің ата-анасына 14,5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

Жалған ақпарат, терроризм, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 18:53 Сурет: polisia.kz
Алматы облысында терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірім ұсталды. 30 қарашада Талғар аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне колледждердің бірінде терроризм актісі болатыны жайында ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылып, ғимарат түгел тексерілген. Ақпарат расталмады.

Бұл құқық бұзушылық Талғар ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп күдіктінің жеке басын анықтады.

Ол 13 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта тергеушілер кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері мен психологтардың қатысуымен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінде 14,5 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі жаза, сонымен бірге бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: