Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды

Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2026 12:53 Сурет: polisia.kz
Қостанайлық жасөспірім сауда орталықтарының біріндегі терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген кәмелетке толмаған құқық бұзушыны анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Істі қарау нәтижесінде Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен құқық бұзушыға бір жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын іс-әрекет екенін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: