Қостанай полициясы көпірден секірмек болған әйелді құтқарған азаматты іздейді

Сурет: polisia.kz
Бүгін, 10 желтоқсанда сағат 14:10-да 102 пультіне көпірден секірейін деп тұрған әйел туралы хабарлама түсті. Бұл ақпаратты сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тезірек келіңіздер, мен оны құтқаруға тырысамын", - деген ер адам.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

"Біз келген кезде ер адам әйелдің қолынан ұстап тұрды. Оны көпір үстіне шығаруға тырысып жатты", - деді полиция қызметкері Жалғас Шонов.

Полицейлер әйелді шығарып, оны полиция көлігіне отырғызуға көмектесті.

"Оның жағдайы онша емес болды, тіпті аты мен тегін де атай алмады. Бізге оны шұғыл түрде полиция бөлімшесіне жеткізуге тура келді. Абыр-сабыр кезде оқиға орнында бірінші табылған жүргізуші полицейлердің әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне көз жеткізіп, кетіп қалған. Қиын жағдайдағы батыл әрекеті мен көмегін атап өту үшін біз ержүрек қостанайлықтан хабар күтеміз"Дулат Арманов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі