Алматы облысында шетелдіктер ұйымдастырған ірі есірткі зертханасының көзі жойылды

Сурет: polisia.kz
22 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға Қарашығыл аңшылық шаруашылығының қорықшыларынан Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылының шетінен күдік тудырған екі Украина Республикасының азаматы тексерілгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 43 және 28 жастағы шетелдіктердің автокөліктерін тексеру орнынан алыс емес жерде тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қара түсті пакетті тапты. Ал пакет ішінен ақ түсті ұнтақ түріндегі заттары бар мөлдір полиэтилен пакеттер тәркіленді.

Бұдан әрі Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері жедел іс-шара барысында ықтимал есірткі зертханаларының екі мекенжайын анықтады. Санкцияланған тінту жүргізу кезінде аталған орыннан Украина республикасының тағы 6 азаматы ұсталды. Сонымен қатар зертханалық жабдықтар, шыны ыдыстар мен кристалды заттары бар металл табақтар, химиялық заттар тәркіленді. Тінту кезінде шамамен 30 келі “жылдамдық” есірткі заты тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасы жүргізетін болады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабының, 3-бөлігі бойынша тіркелген. Күдіктілер қамауға алынды. Айта кету керек, жауап алу кезінде ұсталғандар осындай тыйым салынған заттарды өндіру бойынша үшінші зертхананың ашылуына дайындалғандарын жеткізген.



Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды