500 мың еуро мұрадан дәмеленген қостанайлық әйел 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды

Сурет: pexels
45 жастағы Қостанай тұрғыны қаскүнемдердің құрбаны болды. Олар 500 мың еуро мұраға қалғанын айтып сендіріп, әйелді сан соқтырып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтар әйелге мұраға қалған ақшаны алу үшін өзінің жеке деректері мен карта нөмірлерін жіберуі керек екенін айтқан.

"Әйел алаяқтың айтқанын орындаймын деп 2,5 миллион теңгесінен айырылып қалған".Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ полициядағылар Рудныйда екі әйел өзін банктің күзетшісіміз деп таныстырған алаяқтардың айласына түсіп қалғанын хабарлады.

"52 жастағы әйел жеке мәліметтерін берген соң, 174 мың теңгесінен айырылып қалды. Қаскүнемдер екінші әйелдің шотынан 700 мың теңге алып қана қоймай, оның атынан 3 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген ". Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл факті бойынша, ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы  ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды