Батыс Қазақстан облысында мұғалім қыз асулы күйінде табылды

Сурет: unsplash
Батыс Қазақстан облысында 22 жастағы ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімі дарға асылып қалды. Марқұмның туыстары әріптестері тарапынан болған қысымнан соң ол шарасыздықтан осындай қадамға баруы мүмкін деп күдіктенеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының хабарлауынша, Назым Өмірзақованы асылулы тұрған күйінде 17 қаңтарда туыстары тауып алған. 

Қыздың туысқан ағасы Бекбол Мырзабаев Назым педагогикалық колледжді бітіріп, бірден ауыл мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасқанын айтады.

"Алайда басшылықпен қарым-қатынасы онша болмаған. Завуч оған ескертулер жасап, кейде тіпті басқа мұғалімдердің көзінше дөрекілік танытқан. Жалақыңды қысқартамын, бұйрықпен жұмыстан шығарамын, сонда ешбір жер сені жұмысқа алмайды деп қорқытқан". Бекбол Мырзабаев

Оның айтуынша, туыстары марқұмның қандай да бір артына жазып қалдырған хатын таппаған.

"Мектептегі ұжымның бәрі оған қысым көрсетілгенін жақсы біледі. Назымның өзі сабырлы, ешқашан ешкімді ренжіткен емес. Дәп осы деп ешкімді кінәламаймын, бірақ ол жұмыстағы проблемаларға байланысты осындай қадамға баруы мүмкін деп күдіктенемін", - дейді Бекбол Мырзабаев.


Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмолдин мектеп директорымен сөйлескенін айтты.


"Қыз толық ставкада жұмыс істеген. Бұған дейін ешбір жерге ол шағымданған емес, мектеп басшылығы да оған түсіністікпен қараған". Ерболат Бекмолдин

БҚО полициясының мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы, яғни "Суицидке жеткізу" бойынша тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды