Ақмола облысында жоғалып кеткен 9 жасар қыз табылды

Сурет: Zakon.kz
23 қаңтарда түстен кейін 9 жасар қыз бала үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта кері оралмаған. Туыстарының айтуынша, қыз сағат 12-де сабаққа баруы керек еді, бірақ мектепке бармаған және жұмыстағы анасының шалған қоңырауларына жауап бермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары қыздың телефоны арқылы оның орналасқан жерін анықтады. Ол Астана қаласындағы сауда үйінде болған.

Қыздың анасы бұл туралы Астанада тұратын әпкесіне хабарлады, ол бірден сауда нүктесіне келді.


"Қыз бала сол жерден табылып, қазіргі уақытта туыстарымен бірге, оған қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды", делінген полиция хабарламасында.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз