Полицейлер Өзбекстанның 38 жастағы азаматын алты қой мен 200 мың теңгеге сатып жіберген

38 жастағы Өзбекстан азаматынан учаскелік полиция қызметкері ақша сұраған. Кейін ұрып-соғып, құлдыққа сатып жіберген. Бұл туралы Өзбекстан азаматының өзі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, оны 6 қошқар мен 200 мың теңгеге айырбастаған.

"10 жылдан бері Қазақстанды тұрамын. Төлқұжаттарымды жоғалтып алғанмын. Бірақ осы Жетісу облысындағы Үштөбе қалалық полциия қызметкерлері менен 100 мың теңге талап етті. Жоқ болған соң, Қайрат есімді біреуге сатып жіберді. Сол үйде отын жағып, бүкіл жұмысын істедім, бірақ кеше қашып құтылдым. Маған көмектесулеріңізді сұраймын". Өзбекстан азаматы

Аталған факт бойынша қызметін асыра пайдаланғаны үшін қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

"38 жастағы шетел азаматы болып шыққан бейне өтініштің авторы іздестіріліп, сұхбат жүргізілді. Аталған іс бойынша тергеуді облыстық полиция департаментінің басшылығы ерекше бақылауға алды". Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: