Жатақхана коменданты студенттердің атынан кредит алған

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында жатақхана коменданты өзгерлердің атынан 16 млн теңгеден астам сомаға тауарлық несие алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтық фактілері бойынша арыздар Талдықорған полициясына 2022 жылғы қазан айында түсе бастаған. Тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен студенттер тұратын жатақханалардың бірінің бұрынғы комендантын ұстады.

Комендант әйел ел бойынша үш банкте және бірнеше микрокредиттік ұйымдарда тауар-ақшалай кредиттерді алаяқтық жолымен ресімдеген деген күдікке ілінді. Принтер, теледидар, кондиционер, ұялы телефон түрінде алған және басқа да тауарлар кейін сатып жіберген.

"Бүгінгі таңда 18 жәбірленуші бар, олардың негізгі бөлігі – студенттер. Келтірілген залал шамамен 16 млн теңгеден асады. Жақын арада сотқа жіберу үшін материалдарды дайындаймыз".  Талдықорған полиция департаменті бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов

Қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық істі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан