Ақтөбе тұрғыны зейнеткерді итеріп, 50 мың теңгесі бар сөмкені ұрлап қашқан

Сурет: видео скрині
Ақтөбеде зейнеткерді тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 ақпан О.Кошевой мен Есет батыр көшелерінің қиылысында белгісіз ер адам 68 жастағы зейнеткерді артынан итеріп, ішінде банк карталары, жеке куәлік пен 50 мың теңге ақша бар сөмкені ұрлап кеткен.

Жедел іс-шаралар барысында 28 жастағы күдікті ұсталды.

Ол ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда