Пробация қызметкерлері азаматқа қатысты құжаттарды сотқа жолдап, облыс тұрғыны шартты мерзімінің қалған бөлігін темір тордың арғы жағында өтейтін болды.
"Азамат С смартфон ұрлағаны үшін оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Есепке қойылған күннен бастап жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан ол жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзды. Сонымен қатар есепке қою кезінде тәрбие жұмысын айқындау үшін сотталғанның жеке басы зерделеніп және оның жазасы ескеріліп электрон бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылданды", - делінген Абай облысы бойынша пробация қызметінің хабарламасында.
Сотталған азамат жазасын өтеу кезінде сот үкімімен жүктелген міндеттерді бірнеше рет бұзды. Бұл пробация қызметінің жазаны неғұрлым қатаң түрге ауыстыруға Курчатов қалалық сотына ұсынуына негіз болды. Абай облысы Курчатов қалалық сотының қаулысымен сотталған С-ға қатысты бас бостандығынан шектеу түріндегі өтелмеген мерзім 6 ай 2 күнге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.