Жеделсаты ішіндегі оқиға: Қарағандылық оқушы қыздың анасы сот үкімімен келіспейді

Сурет: видеодан алынды
Бір тұрғын үй кешенінде тұратын ер адам мен 14 жасар қыз жеделсатыға бірге кіреді. Оңаша сәт ер адамның арам пиғылына қозғау салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың қақ ортасында 14 жастағы қыздың артынан еріп, жеделсатыға ілесе бірге кірген азаматтың әр әрекеті бейнежазбада таспаланған. Қарсылық көрсеткен жеткіншекті сыртқа шығармай, қысым көрсеткен жігіт кейіннен анықталғандай, 23 жастағы тұрғын болып шығыпты. Оның үстіне, арам ойдың арбауында қалған азаматтың отбасылы екені анықталған. Сот оған үш тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Қарағандылық оқушының анасы бұл үкіммен келіспейді, деп хабарлайды Almaty.tv

"Үйге шақырдым. Ойымда арам ой болды, оны мойындаймын. Істеп тұрған нәрсемнің бәрін мойындап тұрмын", – деді күдікті.

Күдікті кінәсін толық мойындағанымен, аталған іс зорлық-зомбылық фактісі деп танылмайды. Сондықтан, сот шешімі қарапайым. Ал оқушының анасы аталған үкіммен келіспейтінін айтып, жазаны қатаңдатуды сұрап отыр.

"К есімді азамат сот шешіміне сәйкес, адамды қорлап, тиіскені үшін кінәлі деп танылды. Оны әкімшілік жазалау мақсатында 3 тәулік қамау туралы шешім бар. Әзірге сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", – деді Мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Алексей Ан.
"Бұл жағдай қызымның психологиясына қатты әсер етті. Қазір ер адам көрсе, қорқатын болған. Мен соттың шешімімен келіспеймін. Мұндай жағдайға қалай ғана 3 күндік қамау туралы шешім шығаруға болады?" – деді жәбірленушінің анасы Альмира Әбдікәрімова.

Әділдік іздеп шарқ ұрған ана әлі де арыз жазатынын айтты. Қазір қыздың отбасы басқа үйге көшкен.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды