Қостанай облысында әйелді баласымен қоса өртеп жіберген ер адам түрмеге жабылмады

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында көршісін баласымен бірге өртеп жіберген азаматқа үкім шықты. Сотта психикалық ауытқуы бары анықталған 45 жастағы азамат енді мәбжүрлі түрде емделуі шарт, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жантүршігерлік оқыс оқиға бір жыл бұрын Рудный қаласында болған. Ауылдасымен бас араздығы бар жергілікті тұрғын қоңсылас әйелді баласымен қоса өртеп жібереді. Яғни ауласына келіп, екеуінің үстіне керосин шашып, артынша от қойған. Ең сұмдығы, олар далаға шығып кетпесін деп, өзі сыртқы есікті бергі беттен жауып тұрыпты. Жанұшыра айғайлаған дауысын көршілері естіп, араша түскен. Төрт жастағы баланың денесі 50 пайызға күйік шалса, анасының қолының терісі күлдіреп кеткен. Абырой болғанда екеуі де аман. Ал оларға қастық қылған сотталушы түрмеге емес, аурухана түсті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.


"Айыпталушы қылмыс жасар кезінде өзіне есеп бере алмайтын жағдайда болған. Сотпсихиатриялық тексеру қорытындысы соны көрсетіп отыр. Оның бойында ауытқуы бұрыннан болған. Енді ол мәжбүрлі түрде емделеді. Және жәбірленуші тарапқа 2,5 миллион моральдық шығын төлеу жүктелді". Судья Алтынай Сағындықова
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі