Тоқаев Ұлттық құрылтай құруды ұсынды

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық кеңестердің қызметін жалпыұлттық деңгейде жалғастыратын Ұлттық Құрылтай құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірлігіміздің негізіне айналған дала демократиясының дәстүрлерін жаңғыртуға тиіспіз, ұлттық кеңестер, қоғамдық сенім кеңестері өз қызметтерін табысты атқарды. Енді олардың орнына құрамы жағынан ауқымды болатын Ұлттық Құрылтай құруды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, жаңа құрылым ұлттық кеңестердің қызметін жалпыұлттық деңгейде жалғастырады.

Құрылтай қоғамдық диалогтың бірыңғай институционалдық моделін қалыптастыруы керек. Сөйтіп ол билік пен халық арасындағы дәнекерге айналады. Ол өз айналасына жұмыс істеп тұрған барлық өңірлік қоғамдық кеңестерді шоғырландыратын болады. Ұлттық құрылтайға барлық облыстардың өкілдері, сондай-ақ парламенттің кейбір депутаттары, ҚХА, азаматтық альянс, қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, бизнес өкілдері және басқа да азаматтар қатысады. Мемлекет басшысы

Осылайша, әр түрлі пікірдегі барлық өкілдерді қамтитын өкілді құрылым құрылатынын қосты. Ұлттық Құрылтай мүшелері тұрақты түрде бас қосып, маңызды мәселелерді талқылайды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды