Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асуы туралы айтылды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалақыны көтеру ісінің 1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналын қамтитынын хабарлады. Сонымен бірге кәсіпкерлікке міндеттемелер белгілеу арқылы мемлекеттен көмек алатын ірі бизнестегі 2,8 миллион қызметкердің еңбек табысын арттыру қарастырылған.

Мемлекет басшысына кәсіпкерлік қызметтің табысын арттыруға, сонымен қатар фармацевтика, биотехнология, IT-технология және мұнай-химия бағытындағы жаңа өндірістер сияқты экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты Үкіметтің жоспары баяндалды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қолдау шаралары қарастырылған. Мысалы, «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 20 мың әйел жұмыспен қамтылады. Жастарды жұмысқа орналастыру үшін «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асырылып, 400 айлық есепті көрсеткішке дейін гранттар беріледі.

Кездесу соңында Президент халықтың табысын арттырудың айрықша маңызды екенін атап өтіп, Үкіметке бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Тоғжанов Ералы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін