Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Өз құттықтауында Президент бұл діндарлар үшін үміт пен сенімге толы, ерекше қуанышты күн екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Өз құттықтауында Президент бұл діндарлар үшін үміт пен сенімге толы, ерекше қуанышты күн екенін атап өтті. Пасха мейрамы жұртшылықты ізгілікті істер жасауға ынталандырады, жақындарына жанашырлықпен қарап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жетелейді.

Біздің мәдениетімізбен тығыз астасып, үйлесім тапқан пасха дәстүрлері барлық этнос және діни наным өкілдерін бауырластыра түседі. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді. Пасха мейрамы әр шаңырақты шаттыққа толтырып, бақытқа бөлесін! Қасым-Жомарт Тоқаев
Сөз соңында Мемлекет басшысы баршаға зор денсаулық, толағай табыс тіледі. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді