Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University-не барды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кампусты, ғылыми орталықтар мен зертханаларды дамыту жоспары көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан Президентіне ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы әртүрлі білім беру жобалары мен бағдарламалары таныстырылды. Университет осы жобалар мен бағдарламалар арқылы Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттің шетелдік жетекші ғылыми, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығы, медицина және инновациялық кластерлердің жұмыстары, сондай-ақ оқу орны түлектерінің стартап-жобалары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының жобаларымен және Энергетикалық ғарыш зертханасының қызметімен танысты.

Оқу орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесіп, университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты