Алдымызда ауқымды жұмыс тұр, Конституцияның біз бүгін дауыс беріп жатқан ережелерін іске асырып, заңнамаға өзгерістер енгізу керек болады. Атап айтқанда, партияға, Парламентке қатысты заңнама бойынша. Біздің Парламент бұл жұмысты абыроймен атқарады деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы бүгін қазақстандықтар дауыс беріп жатқан жаңа түзетулер еліміздің қоғамдық өміріне өте үлкен өзгерістер алып келеді деп пайымдалатынын атап өтті.
Шын мәнінде, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас парадигмасы өзгеруде, адам құқықтары алдыңғы қатарға шығады. Бұл өте маңызды болып табылады. Конституцияда адам құқықтары жөніндегі омбудсмен жаңа мәртебеге, жаңаша сипатқа ие болады. Омбудсмен Конституциялық сотқа жүгіне алады, ал бұл орган да біз үшін тың дүние. Қасым-Жомарт Тоқаев