Президентке «Қазақстан халқына» қорының жұмысы туралы есеп берілді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке Қордың азаматтарға көрсеткен көмегі бойынша есебімен қатар қайырымдылық қызметті ұйымдастыру жолы жөнінде ақпарат берілді.

Болат Жәмішевтің айтуынша, қазір Қор 10 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, олардың сегізі медициналық көмек көрсетуге, біреуі ауыл балалары үшін спорт саласындағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталса, тағы бірі ауылдық жерлерден шыққан талапкерлер мен аз қамтылған отбасылардың студент балаларына білім гранттарын беруді қарастырады.

Болат Жәмішевтің айтуынша, Қор жаңадан толықтырылған Тұжырымдаманы және Қайырымдылық бағытындағы бағдарламалар мен жобалар әзірлеуді қолға алды. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектордың өкілдері, мәслихат депутаттары, Қор меценаттары болып табылатын бизнес өкілдері мен сарапшылар кеңінен тартылады.

Қор төрағасының айтуынша, барлық атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат қоғам назарына ұсынылады. Қыркүйек айында өтетін Ұлттық қайырымдылық конференциясы осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстың қорытынды есебі болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев кедесуде Қордың бағытын анықтауға қоғам мен қоғамдық институттарды белсенді түрде тарту қажет екеніне баса мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін