Қазақстан инвестициясымен Өзбекстанның Науаи облысында минерал тыңайтқыш кәсіпорны ашылады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында екі елдің бірлескен бірқатар жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соның бірі – Өзбекстанның Науаи облысында фосфор және кешенді минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорын. "Қазфосфат" ЖШС және "Узкимёсаноат" АҚ қатысуымен жүзеге асырылатын өндірістің жобалық құны – 1,3 миллиард доллар.

Жобаның 2022-2024 жылдарға жоспарланған бірінші кезеңінде "Навоийазот" базасында калий селитрасы (100 мың тонна) мен калий сульфаты (100 мың тонна) өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Жоба аясында 150 жұмыс орны ашылады.

Ал өндірістің екінші және үшінші кезеңдері Алмалық және Ферғана қалаларында жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді