Мемлекет басшысы Air Astana әуе компаниясының операциялық және қаржылық көрсеткіштерімен танысты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Air Astana президенті Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе компаниясының 2022 жылғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар компанияның 2023-2027 жылдарға арналған жоспары баяндалды. Air Astana компаниясы өз әуе паркін Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner секілді жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл ұшақтар елімізге 2025 жылы жеткізіледі.

Питер Фостер компанияның бөлімшесі Fly Arystan лоукостерінің жұмыс перспективасы және 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындық туралы баяндады.

Президент Air Astana қызметін оң бағалап, компанияның ұшақ санын арттыруды және ұшу географиясын кеңейтуді көздейтін стратегиясына оң баға берді.

Кездесу барысында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды