Тоқаев Пәкістан билігі басшылығына көңіл айту жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алви мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Мен пәкістандықтармен бірге барлық дінге, адами наным-сенімге қайшы, ақылға сыйымсыз осы жантүршігерлік зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптаймын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды. Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осындай қайғылы сәтте біз Пәкістан халқымен біргеміз", деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, 30 қаңтарда Пәкістанда жанкешті лаңкес мешітте өзін-өзі жарып жіберді. Алдын ала деректерге сәйкес, қайғылы оқиға салдарынан 63 адам қаза тауып, 157 адам зардап шеккен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды