Пәкістанда жанкешті лаңкес мешітте жарылыс жасады

Пәкістанда жанкешті лаңкес мешітте жарылыс жасады Сурет: видеодан скриншот
30 қаңтар күні Пәкістанда мешітте жарылыс болып, ондаған адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 17 адам қаза тауып, 90-нан астамы жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Geo.tv хабарлады.

Жарылыс Пешевардағы полиция бөлімшесінің жанында болды. Полицияның мәліметінше, лаңкес бомбаны мешітте бірінші қатарда тұрып, жарған.

Жарылыс болған аймақ қоршауға алынып, қалада төтенше жағдай режимі енгізілді.

29 қаңтарда Пәкістанда оқыс оқиға болды. Автобус Кветтадан Карачиге бағыт алып бара жатып, таңғы сағат 4:00-де қатты жылдамдықпен көпір тірегіне соғылған. Ары қарай шұңқырға түсіп, өртеніп кеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз