Қонаев қаласында академиялық қалашық салу жұмысы басталды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат Нұрбек президентке Қонаев қаласында академиялық қалашық салу жұмысы басталғаны туралы есеп берді. Сонымен қатар министр былтыр халықаралық университеттердің үш өкілдігі ашылғаны және биыл бес жаңа филиал ашылатыны жөнінде мәлімет берді.

Министрлік студенттер мен магистранттардың стипендиясын кезең-кезеңмен өсіруді және студенттер жатақханаларында 7 жыл бойы жыл сайын жаңадан 10 000 орын ашуды жоспарлап отыр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО базасында ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделін енгізу және академиялық басымдық орталықтарын құру мәселесі пысықталып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім алуға қолжетімділікті арттырудың және университет инфрақұрылымын дамытудың маңызын атап өтті. Сонымен бірге жуық арада ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделіне көшу қажет екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды