Қайрат Боранбаевтың қандай мүліктері тәркіленетін болды

Сурет: Zakon.kz
"АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшысы Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды, оның тәркіленген мүліктері мемлекетке өткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарыарқа аудандық сотының судьясы Назгүл Бапақова үкім шығарды, оған сәйкес Қайрат Боранбаев мүлкі тәркілене отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін болады.

"Мемлекет мүддесіне Қайрат Боранбаевтың әл-Фараби көшесіндегі (Алматы қаласы) үй-жай мен жер учаскесі, "Қазақстан Халық банкі" АҚ шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге сомасындағы қаражат тәркіленсін. Сонымен қатар, "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы екі шотқа бөлініп салынған 2 млрд 847 млн 877 мың 603 теңге де тәркіленсін. Аталған шоттағы қалған сома бұғатталсын". Судья Назгүл Бапақова

31 наурызда Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановты, сондай-ақ "Qazaq Gaz" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақты сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Астана
Боранбаев Қайрат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз