Астанада полицияға қарақшыны ұстауға көмектескен оқушы марапатталды

Сурет: polisia.kz
Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қаскөйді ұстау кезінде батылдық пен белсенді азаматтық ұстаным танытқан 14 жастағы баланы марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңға қайшы әрекеттерге куә болған №49 орта мектептің 8-сынып оқушысы Заңғар Ниязов қорықпай, сауатты және батыл әрекет етті. Елордалық полиция басшысы салтанатты түрде жасөспірімге грамота табыстады.

"Бей-жай қарамай, батылдық таныту – ең жоғары бағаға лайық. Бұл сізді кез келген минутта көмекке келе алатын, жанашыр етіп тәрбиелеген сіздің ата-анаңыздың, мұғалімдеріңіздің үлкен еңбегі", – деді Марат Төлебаев.

Айта кетсек, 8-сынып оқушысы кешкі уақытта Кемеңгерұлы көшесінде әйелге жасалған қарақшылық шабуылға куә болған. Әйелдің көмекке шақырғанын естіген жасөспірім қорықпай оған жүгіріп барып, жағдайын сұраған, өзі сол уақытта полицияға болған оқиға туралы хабарлау үшін досына қоңырау шалған. Содан кейін бала ересектердің әйелге көмектесуі үшін өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатқан. Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция келген. Жасөспірім шабуылдаушының белгілерін сипаттап, полицейлерге ер адамның қай бағытқа бет алғанын көрсеткен. Тәртіп сақшылары 30 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады.

"Астана қаласының полиция департаменті оқиғаға бей-жай қарамаған қала тұрғынына қырағылығы, жауапкершілігі және қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс білдірді. Кейде полицияның қызметі азаматтардың қолдауынсыз және көмегінсіз мүмкін емес. 8-сынып оқушысының әрекеті кейде шетте қалмаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет дәлелдейді", делінген полиция хабарламасында.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды