"Лақтыра салынған Елтаңба". Желідегі видео бірнеше құзырлы ведомствоны әуре-сарсаңға түсірді

Сурет: gov.kz
Әлеуметтік желіде Талдықорған тұрғындарының бірінің парақшасында жерде жатқан Мемлекеттік Елтаңбаның видеосы жарияланды. Кадрдан мемлекеттік рәміздің Жетісу облыстық соты ғимаратының жанында жатқанын көруге болады. Бұған қатысты облыстық сот түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сандуғаш Дүйсенованың Instagram-да жарияланған бұл видеосына ең бірінші болып Жетісу облысының прокуратурасы үн қатты.

"Бейнежазбада көрсетілген фактіні тексеру және құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін Жетісу облысының Полиция департаменті мен әкімдігіне жолданды", делінген хабарламада.


Көп ұзамай Жетісу облыстық соты да бұл жағдайға түсініктеме берді.

"Мемлекеттік Елтаңба жақында ауыстырылды. Сонымен қатар, облыстық сот ғимаратында ішінара жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты ауыстырылған Елтаңбаның макеті бүгін сыртқа шығарылды. Алайда, ол жұмыс күнінің соңына дейін сақтау қоймасына қайта қойылуы керек еді. Негізгі құралдарды есептен шығару кестесіне сәйкес, Елтаңба 2023 жылдың 31 шілдесінде жойылуы тиіс болатын. Оған дейін ескі Елтаңба сот ғимаратында сақталуы керек". Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі

Сондай-ақ құзырлы ведомство азаматтарға бұл мәселеге бей-жай қарамағандығы үшін алғыс білдірді.


Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін