Астанада 31 жастағы ер адам көпірден секірмек болды

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының полицейлері көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды. Құтқару кезінде ер адам тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 мамырда таңғы сағат 8 шамасында 102 шұғыл байланыс желісіне оқиға куәгерлерінен Янушкевич көшесінің бойындағы көпірден ер адамның секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түсті.

Сол кезде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жақын маңда кезекшілікте болған.

Полицейлер оқиға орнына жеткен кезде ер адамның аяғының көпірдің таянышында салбырап тұрғанын байқаған.


"Полиция қызметкері Серғазы Баянбаев жағдайды бағалап, тез жүгіріп барып, ер адамды қатты ұстап алып, оны қауіпті аймақтан алып шықты. Алайда ер адам өзін жөнсіз ұстап, полицейдің қолынан сытылып кеткен. Сол мезетте көмекке оның серіктесі Айдос Сүлейменов жүгіріп келді. Олар ер адамды жұбатып, оны Алматы ауданының Полиция басқармасына жеткізді", делінген хабарламада.

31 жастағы ер адамды мұндай ағат қылыққа не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз