Салтанат Бегасилова Астана қаласы ПД бастығының орынбасары болып тағайындалды

Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Салтанат Бегасилова тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев оны жеке құрамға таныстырды.

Салтанат Бегасилова 1972 жылы 29 тамызда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 25 жыл түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Соңғы 3 жылда ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаменті бастығының орынбасары, Перспективалы технологиялар басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа орынбасар елордада құқық қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіру үшін маңызды болып табылатын цифрландыру мен ақпараттандыруды дамыту жөніндегі мәселелерге жетекшілік етеді.


Сурет: polisia.kz


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы