Мәскеу-Астана бағытындағы ұшақта мас екеу темекі шегіп, ортақ тәртіпке бағынбаған

Сурет: polisia.kz
Мәскеу-Астана бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Scat әуекомпаниясы өкілінің актісі бойынша екі жолаушы тапсырылды. Тәртіпке бағынбаған екеу Ресей Федерациясының азаматтары болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініш берушінің айтуынша, ер адамдар әуе кемесінің бортында ұшу кезінде электронды темекі шеккен және бортсеріктердің ескертулеріне құлақ аспаған. Көлік полицейлері тексеру кезінде масаң күйіндегі 36 және 46 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматын анықтады. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқық бұзушылар "жеңіл дәрежедегі" алкогольдік масаң күйінде болған.

"Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі, 441-баптың 1-2-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 55 айлық есептік көрсеткіш (189 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", делінген Көліктегі полиция хабарламасында.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды