Қостанайда мемлекеттік қызметкер алаяқтық және парақорлық айыбы бойынша сотталды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай қаласының №2 сотында мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол кәсіпкерден қамқорлық жасап, қолдау көрсеткені үшін пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс құжаттарында көрсетілгендей, сотталушы кәсіпкерге өз көмегін ұсынып, ақысына 100 мың теңге көлемінде пара сұраған, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сонлай-ақ сотталушы кәсіпкерге әлеуметтік төлемдерді кешіктірген және қарызы болған жағдайда, оған қатысты жауапкершілік шараларын қолданбай, оның мүддесіне сай әрекет ету үшін ай сайын 30 000 теңге көлемінде қаражат аударуды ұсынған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Сотқа дейінгі тергеу органы істі сотқа дейінгі жеделдетілген өндірісте қарады.

Жасалған әрекеттің сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке басын, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сот сотталушыға қатысты ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігін қолдана отырып, қылмыстардың жиынтығына ішінара қосу арқылы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен қатар, 1 200 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі түпкілікті жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды