Астана-Щучье тас жолында өртенген көлік ішіндегілерді құтқарған ер адам сотталуы мүмкін

Сурет: видеодан алынды
Астана-Петропавл тас жолында өртенген көлік ішіндегі адамдарды құтқару оқиғасына қатысты полиция түсінік берді. Аталған жайттың видеосы алдында әлеуметтік желіде тараған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, 24 маусымда  сағат 17:00 шамасында ПБ кезекші бөліміне Астана-Щучье тас жолында екі автокөліктің соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары Астана-Петропавл тас жолының 102-ші шақырымында жол апаты болғанын анықтады.


"39 жастағы Exceed TXT көлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласына қарай жүйткіп келе жатып, арадағы қашықтықты сақтамай, ілеспе бағытта келе жатқан Daewoo Nexia автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Салдарынан Daewoo Nexia өртеніп, 39 жастағы Exceed-тің жүргізушісі өртенген көліктен екі адамды алып шығуға көмектесті. Cалдарынан 24 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тексеруден кейін жолаушы үйге жіберілді. Жүргізуші жансақтау бөлімінде", делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр