Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты екі айға қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Төлеев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Төлеевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", делінген елордалық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі 6 сәуірде сотқа келіп түсті. Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында негізгі сот талқысы 17 сәуірде басталды. Сот адвокат Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады.

2022 жылы 29 мамырда Арыстан Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бойынша қамауға алуға санкция берілді.

16 шілдеде Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша ұрлықтың тағы бір эпизоды анықталды. Антикор Ұлттық музей орындалған жұмыстар үшін мердігер ұйымға 1,3 млрд теңге асыра төлегенін хабарлады. Ал  тексеру жұмыстың нақты құны 83,4 млн теңгені құрағанын айқындаған.

Бұған дейін Мұстахим Төлеевтің пара беруге әрекеттенгені белгілі болған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді