Қостанай облысында жасырын орынға есірткі қоюшыдан 96 орама тәркіленді

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Қостанай облысының полицейлері жасырын орынға есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні жасырын орынға қойып кету арқылы таратқан, деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Күдіктіден "PvP" есірткісінің 96 байламы тәркіленді. Сондай-ақ гаражды тексеру кезінде тағы 65 синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 50 грамнан асады. Күдікті 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қойып кетуші есірткіні Telegram канал арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз