Қостанайда жеделсаты ішінде итті ұрып-соққан ер адам жазаға тартылды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Әлеуметтік желіде Қостанайдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жеделсатысының ішінде итті ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Аталған оқиға полиция назарына да ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай қалалық полициясы арнайы тексеру жүргізіп, видеодағы ер адамның иттің иесі екенін анықтады. 

"Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 407-1-бабы 1-бөлігі, 407-2-бабы 1-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Бірінші баптың санкциясында 5 АЕК, екіншісінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған", делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ ит иесімен жануарларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілгені де нақтыланады. 

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды