Қазақстан-Финляндия матчы кезіндегі дүрбелең: Полиция мен футбол федерациясы не дейді

Сурет: видеодан алынды
Елордалық полиция департаменті Қазақстан-Финляндия матчы барысында "Астана Арена" стадионында болған тәртіпсіздіктер туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Футбол ойынын тамашалауға қарақұрым қалың адам келгеніне қарамастан қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Матч кезінде және оған іргелес аумақтардағы тәртіпті елордалық полиция қызметкерлері бақылап жүрді", делінген ПД хабарламасында.

Алдында желіде мыңдаған адам ұйымдастыру жағының шалалығына байланысты стадионға кешігіп кіргені туралы ақпарат пайда болған еді.  

"Матч күні стадионның кіре берісіне адамдардың көптеп жиналып, кептелістің туындауына билеттерді бірнеше рет қайтара сатқан алыпсатарлар түрткі болды. Сондықтан осы мәселені шешу біраз уақытымызды алды", – деп хабарлады ҚР Футбол федерациясы.


Кептелістің туындауына түрткі тағы бір себеп - жанкүйерлердің өзінің стадионға кешігіп келуі.

Айта кетсек, финдермен болған матч 1:0 есебімен аяқталып, шетелдіктер жеңіске жеткен болатын. Қазақстан құрамасы енді өз алаңында 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен кездеседі.

"Бұл жолы жанкүйерлерге стадионға алдын ала жетіп алу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, біз бұрын хабарлағанымыздай, жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін әрі кептелісті азайту мақсатында сағат 17:30-дан бастап бес автотұрақтан арнайы шаттл-автобустар қатынайтын болады", делінген хабарламада.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?