Теміржанов қазіргі уақытта құзырлы комитет қолданыстағы заңнаманы сақтау тұрғысынан аталған факт бойынша ішкі камералдық бақылау жүргізіліп жатқанын баса атап өтті.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 9 қазанында шендінің желіде жариялаған жазбасына сәйкес, ол Людмила Пионткевичке хабарласқан.
"Людмила Анатольевнамен әңгіме барысында одан болған оқиға үшін шын жүректен кешірім сұрадым. Тіпті, барлығы шынымен де заң аясында жасалса да, өз басым, барлық жерде логика болуы керек деп санаймын". Мұрат Теміржанов
Сондай-ақ ол үй маңындағы аумақты абаттандыру құрметке лайық жауапты, азаматтық ұстаным екенін атап өтті.
"Егер төленген айыппұлды заң аясында қайтару мүмкін болмаса, жоғарыда аталған қаражатты Пионткевичке өз қалтамнан шығарып, қайтаруға дайынмын". Мұрат Теміржанов
Бірнеше күн бұрын Рудныйдағы көпқабатты үйдің бірінші қабатының терезелерінің алдындағы жер учаскесіне гүлдер егіп, есік алдын өз бетімен абаттандырған әйелге 258 мың теңге айыппұл салғаны туралы жаңалық желідегі адамдарды қатты таң қалдырды. Әкімдік қызметкерлері оған барлық еккен өсіндінің көзін жою жөнінде қаулы шығарған, өйткені жер мемлекеттік болып табылады, ал оны пайдалану "заңсыз басып алуға" жататын көрінеді.