Абай облысында су айдындарында мал суғаруға тыйым салынып, бұл іске прокуратура араласты

Сурет: pixabay
Абай облысында шексіз адам тобының құқықтарын бұзған мәслихат шешімінің күші жойылды. Бұл туралы 2023 жылы 11 қарашада өңір прокуратурасының баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға санитарлық қорғау аймағынан тыс су объектілерінде және су объектілерінің ластануы мен бітелуіне жол бермейтін суару алаңдары мен басқа да құрылғылар болған кезде рұқсат етіледі.

Алайда, Абай облыстық мәслихаты өз шешімімен жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді ескермей, облыстың барлық су айдындарында суаруға тыйым салған жануарларды ұстау ережелерін бекіткен.

"Бұл шешімнің өзі заңсыз ғана емес, оны оырндау да мүмкін болмады, себебі ол мал өсірушілерді су айдындарына табиғи қол жетімділіктен айырады және малды суаруды қиындатады. Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша Ереженің талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді.       Абай облысының прокуратурасы

Осылайша, 7 000 шаруа қожалықтарының және жеке тұлғалардың шексіз тобының құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Қазақстандағы сайттардың үштен бірі соңғы 2 жылда пайда болған — Қазнет күніне орай Yandex Qazaqstan зерттеуі