Жетісу облысы ПД бастығының міндетін атқару Арман Садановқа міндеттелді

Сурет: gov.kz
Бұл туралы Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты ІІМ басшысы Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барған кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, осы сапары барысында Ішкі істер министрі Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді жария етті.

Оған сәйкес, облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық  еместігі туралы ескертілді. Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.

Сондай-ақ Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратыны да нақтыланды. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін